"Көрсетілген процедурадан кейін адамның жағдайы нашарлаған". Ақтауда медициналық орталық жазаланды

Сот үкімі, Ақтау, медициналық орталық, айыппұл, лицензия, тоқтату, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 20:54 Сурет: Zakon.kz
Ақтауда тіркелмеген медициналық бұйымдарды пайдаланған медициналық орталыққа 605 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ мекеменің лицензиясы бір айға уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігімен (тіркелмеген немесе қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, пайдалану немесе жарнамалау) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2026 жылдың шілде айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті азамат А-ның өтініші негізінде ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Арыз иесі 2026 жылғы 18 мамырда аталған медициналық орталыққа медициналық қызмет алу үшін жүгінген. Оның айтуынша, медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін денсаулығы нашарлаған.

"Тексеру барысында медициналық орталықтың тіркелмеген медициналық бұйымдарды пайдаланғаны анықталған. Сот отырысында ЖШС-нің өкілі кінәсін толық мойындады. Сот құқық бұзушылықтың мән-жайларын, кінәні толық мойындауын және жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін заңда көзделген 30 пайызға қысқартып, 605 500 теңге көлемінде айыппұл салды. Сонымен қатар, медициналық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданылуы 1 ай мерзімге тоқтатылып, құқықбұзушылықтың тікелей заты болып табылатын дәрілік заттарды тәркілеу және жою туралы шешім қабылданды".Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Павлодарда педагог мамандығын оқыған студент оқу шығындарын мемлекетке қайтарғанын, бірақ сотта ол тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті емес екендігін дәлелдеп шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: