Банктің қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жөніндегі жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілді

Банк, банки, услуги банка, банковские услуги, касса в банке, кассы в банке, банковская касса, банковские кассы, кассовая операция, кассовые операции , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 15:27 Фото: Zakon.kz
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысымен Банктің, ҚР резиденті емес банк филиалының қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдері бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалпына келтіру жоспары төмендегілерге бағытталған:

  • банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге, оның ішінде дағдарысты жағдайларда банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін және өтімділігін қалпына келтіруге;
  • Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының активтері мөлшерінің жеткіліктілігін қалпына келтіруге;
  • қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін уақтылы анықтауды және ден қою шараларын қабылдауды қамтамасыз етуге;
  • банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыру үздіксіздігін қамтамасыз етуге;
  • банкке реттеу режимін қолдану, оны мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін тоқтату ықтималдығын төмендетуге және Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін мемлекеттік қаражатты пайдалануды көздемеуі тиіс;
  • банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалы кредиторларының және (немесе) клиенттерінің сенімін қолдауға бағытталған.

Уәкілетті орган банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалпына келтіру жоспарының тиімділігін, оның ішінде жоспарда көзделген шаралардың:

  • банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру үшін жеткілікті болатынын;
  • банк айқындайтын стресс-тестілеу сценарийлері шеңберінде іске асырылуы, уақтылылығы және қолданылуы тұрғысынан бағалайды.

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қалпына келтіру жоспары он екі айдан асатын іске асыру мерзімін көздей алмайды.

Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілері оларға қол жеткізу банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін қолдану үшін негіз болып табылатын уәкілетті органның қаржы-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің (сандық және сапалық) мәндеріне сәйкес айқындалады.

Қалпына келтіру жоспары есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша ақпарат негізінде қалыптастырылады және жыл сайын өзектендіруге жатады.

Қалпына келтіру жоспарын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы уәкілетті органға алдын ала қарау үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.

Қалпына келтіру жоспары өзектендірілуге және мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуға тиіс:

  • банктің ірі қатысушыларының және (немесе) банк холдингтерінің құрамының өзгеруі (банк үшін қолданылады);
  • банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер ете алатын және (немесе) басқа себептер бойынша қалпына келтіру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігіне әкелетін жүзеге асырылатын банк қызметі түрлерінің және (немесе) ауқымының өзгеруі, оның ішінде базалық лицензиясы бар банктің әмбебап банк лицензиясы бар банкке өтуі (қайта ресімделуі).

Қалпына келтіру жоспарын (оның ішінде уәкілетті органның ескертулері және (немесе) ұсыныстары ескеріле отырып жаңартылған және (немесе) пысықталған) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына ескертулердің бар не жоқ екендігі туралы хабарлама (хабарлама) жібереді.

Уәкілетті органның ескертулері және (немесе) ұсыныстары болған жағдайда банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қалпына келтіру жоспарын пысықтауды қамтамасыз етеді және хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей оны уәкілетті органға қайта ұсынады.

Уәкілетті органының ескертулері болмаған жағдайда банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы қалпына келтіру жоспарын банктің ірі қатысушыларымен және (немесе) банк холдингімен (болған жағдайда) келісуді және тиісті хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны банктің басқарушы органының бекітуін қамтамасыз етеді.

Қаулы 2026 жылғы 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: