Алматыда жол жиегіндегі көп тонналы жүк көлігі өздігінен жүріп кетіп, ер адам зардап шекті

МАЗ, Алматы, көп тонналы, жүк көлігі, жүріп кету, ер адам, зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2026 19:49 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жол жиегінде тоқтап тұрған көп тонналы МАЗ көлігі өздігінен жүріп кетіп, ер адам зардап шекті. Ол бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқыс оқиға кеше, 9 қыркүйекте таңертең Алматының Медеу ауданында болғанын нақтылайды. 41 жастағы жүргізуші жүк көлігін тиісті деңгейде жол бойына қалдырмаған.

"Салдарынан МАЗ өздігінен қозғалып кеткен. Алдымен бетон блоктарға соғылған жүк көлігі одан әрі жүріп, арыққа түсіп кеткен. Жүргізуші қозғалып кеткен көлікті тоқтатуға әрекет жасаған. Алайда өзі жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, зардап шеккен азамат облыстық ауруханаға жеткізілді", делінген хабарламада.

Оқыс оқиға Сағадат Нұрмағамбетов көшесі мен Шығыс айналма автомобиль жолының қиылысында болған.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: