Алматыда Instagram-ға жүктеген видеосында балағат сөздер айтқан ер адам қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында
ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта Instagram парақшасында азамат Ж.-ның бейәдеп сөздер айтқан бейнежазбасы жарияланғаны анықталды.
Соттың мәліметінше, осылайша, ол өз аудиториясына құрметсіздік танытқан.
Оны заң баптары бойынша 26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не 20-дан 60 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы күтіп тұрды. Дегенмен сот азамат Ж-ны Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жаза қолданды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қостанайда кәсіпкер қызметіне жүгінген әйел ақшасыз әрі жиһазсыз қала жаздағанын жазғанбыз.