PlayStation, Wi-Fi, смартфондар: Павлодар облысында түрмеден тыйым салынған заттар табылды

Түрме, PlayStation, Wi-Fi, смартфон, Павлодар облысы, тексеру, тыйым салынған заттар , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 19:33 Сурет: pxhere
Павлодарда прокурорлар өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде режим талаптарының сақталуы және тыйым салынған заттардың мекемеге жеткізілу арналарының анықталуы бойынша тексерулер жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 9 қазанда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі аталған тексеріс нәтижелерін жариялады.

"Мекемелердің біріндегі үй-жайдан 15 смартфон, 6 Wi-Fi-роутер, сымсыз және сымды құлаққаптар, USB-кабельдер, флеш-карталар, Sony PlayStation ойын приставкасы және басқа да заттар анықталып, тәркіленді. Аталған заттарды сотталғандарға сақтауға және пайдалануға тыйым салынған. Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 371-бабы (салғырттық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың режимдік объектіге қалай түскені, оларды ішке өткізу арналары және оған қатысы бар тұлғалар анықталуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Бұған дейін кибершабуыл болған жағдайда елімізде интернет өшірілуі мүмкін екені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: