"Дөңгелектен ұшқан тас өзге көлікті зақымдаған". Қарағанды соты жолдағы ерекше істі қарады

Көлік, Қарағанды облысы, Ақтоғай, Алматы-Екатеринбург, тас жол, тас, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 18:48 Сурет: pexels
Алматы – Екатеринбург тас жолында бір көліктің доңғалақтары ұшырған тас екіншісін зақымдаған. Сот оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиға 2026 жылғы 16 қазанда сағат шамамен 16:37-де Алматы – Екатеринбург тас жолының 618-шақырымында, Балқаш – Алматы бағытында болған. Әйел адам тізгіндеген ақ түсті Lada Priora көлігінің дөңгелегінен жолда жатқан қатты зат ұшып шыққан.

Аталған зат сол жолақпен бір бағытта, яғни Lada Priora артында келе жатқан Kia Seltos-тың капотын зақымдап, алдыңғы әйнегін тесіп өткен.


"Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық соты ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша қозғалған істі қарады. Алайда сот әйелдің кінәсін айқындайтын дәлел таппады. Сондықтан оған қатысты іс жүргізу оның әрекеттерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Таразда полицейлер алдымен қымбат жол талғамайтын көлікпен қашқан жүргізушіні қуып жүріп ұстап, кейін оны сотқа мәжбүрлеп жеткізгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: