TikTok-тағы тікелей эфир: Семей тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жатқызылды
Сурет: Іnstagram/abai_department_police
ІІМ-нің құқыққа қайшы контенттің жолын кесу жөніндегі жүйелі жұмысы аясында Абай облысының полицейлері TikTok-тағы тікелей эфирді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Эфир барысында әйел балағат сөздер айтқан. Оның жеке басы жедел түрде анықталды.
"Ол Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны болып шықты. Тамыз айында осыған ұқсас құқықбұзушылықтар үшін сот оған әкімшілік қамақ жазасын тағайындаған болатын. Бұл жолы полиция қызметкерлері жедел жәрдем бригадасымен бірге оның тұрғылықты жеріне барды. Сондай-ақ онымен бірге тұратын азаматтан шағымдар түсті. Әйел үш ай мерзімге психикалық денсаулық орталығына мәжбүрлі түрде жатқызылды". Абай облысы полиция департаменті
Бұған дейін Қызылорда облысында TikTok эфирінде мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript