Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлзира Айдарбекова: Келінім Жұлдыз Қазақстандағы ең әдемі әйел

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2017 17:27 Zakon.kz
"Жұлдызда өтірік татуаж, өтірік кірпік, өтірік ерін жоқ. Таза өзінің табиғи сұлулығы", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
Дүйім жұртқа келінін таныстырған Гүлзира Айдарбекова бұдан былай ол туралы сұрақтарға ашық жауап береді, ақтарылып сұхбат беруден де қорықпайды. Бұл жолы жұлдызды ене келіні Жұлдыздың өзіне ұнайтын қасиеттері туралы айтты. Гүлзира Айдарбекова тұңғыш келінін Қазақстандағы ең сұлу әйел санайтынын айтты. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Келінім бір айтқан сөзді миына құйып алады, Жұлдыздың бір жақсы жері сол. Одан кейін соған қарап жұмыс жасайды. Ол бізбен бірге барлық жерде болды. Менің туған күнімде де, тойларда да, бәрінде де болды. Суретке де түсіп отырды. Бірақ ол суреттер жалпылама халыққа жіберілмейді, өзімізге қалып отырды. Елдің бәрі келінін қайда тығып қойды дейді ғой. Жұлдыздың өзі елдің алдына шығуды қалаған жоқ”, – дейді Айдарбекова.

Гүлзира Үсенқызы келініне дән риза. Айтуынша, небәрі 18 жасында келсе де, Жұлдыздың бойында нағыз қазақ қызына тән қасиеттер көп.

“18 жасында Жұлдыз келін болып түссе, сол кезден бастап отбасын қалай ұстау керек, қалай берік қылу керек, мен соған тәрбиеледім. Жұлдыз жерге қарап, сүмірейіп қалған қыз емес. Кіші жүз ғой, олар мықты болады”, – деп атап өтті Қайрат Нұртастың анасы.

Мықты болғандықтан да 10 жыл бойы ел алдына шықпай, шыдамдылық танытты. Айтқанымды екі етпеді дейді Қайраттың анасы. Нәтижесінде “Арман” кинофильмі шығып, Жұлдыздың арманы орындалды. Мұнымен де іс бітпейді. Гүлзира Айдарбекова келіні үшін түрлі жобалар ойластырған.

“Қайраттың әйелі емес, мен сені журнал не болмаса бағдарлама арқылы емес, Жұлдызымның жұлдызын жандырсам деген ойымды, арманымды ол да түсіне бастады. Әншінің әйелі болып барлығы шығып жатыр ғой. Ал біздің Жұлдыз тұнып тұрған оның бойында үлкен қасиет бар”, – деп мақтанды Айдарбекова.

Дарынды келінін Айдарбекова жан-жақты танытпақ ниетте. Қайрат бұдан былай концерттерге де жалғыз бармайды, сүйіктісін жанында жүргізуші ретінде ертіп жүреді.

“Жұлдыз мен үшін Қазақстандағы ең әдемі әйел, ең әдемі ана. Өйткені ажырасып қайта қосылып жатқан жоқ, отбасын ұстады. Екіншіден, бойында нағыз сұлулық бар. Өтірік татуаж, өтірік кірпік, өтірік ерін жоқ. Таза өзінің табиғи сұлулығы. Оның тек қана жүзі емес, жүрегі де сұлу”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Фото: jasqazaq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: