Жаңалықтар тізбегі
0

Жарты ғасыр бұрын жерге көмілген аманат капсуласы ашылатын күн жақын

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2017 15:19 Zakon.kz
Капсула Тұңғыш Президент күні ашылып, мәтіні көпшілік алдында дауыстап оқылады.
Ақтау қаласында бұдан жарты ғасыр бұрын жерге көмілген аманат капсуласы 1 желтоқсанда жаңасына ауыстырылады, - деп хабарлайды Хабар 24.

Капсула Тұңғыш Президент күні ашылып, мәтіні көпшілік алдында дауыстап оқылады. Мұнан соң «Қазақстан-2050: Мәңгілік Елдің» қалыптасу тарихы тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері жазылған деректі хат салынып, жаңа орынға қойылады. Бұл күнге жоспарланған іс-шаралар жүзден астам жас ұландықтардың қатысуымен өтетін мерекелік шеруімен басталмақ.

Ақтаудың іргесі 1963 жылы қаланған. Шөл далада әсем қала салу Каспий аймағы машина құрастыру комбинаты ұжымының бастамасы болатын. Құрылысшылар төрт жылда алғашқы шағынаудандарды қолданысқа береді.

Тарихи кезеңді мәңгі есте сақтау үшін келешек ұрпаққа аманат хаты салынған капсула салтанатты түрде 2-ші және 4-ші мөлтек аудандар аралығындағы жол жиегіне қойылады. Осы сәттен бастап бұл жерде қала тұрғындары жиі бас қосады. Шетелге қоныс аударған азаматтар арнайы келіп, Ақтаудың қалыптасуына үлес қосқан ата-аналарын еске алуды үрдіске айналған.

– Капсула көмілген 1967 жылы мен мектеп бітірген едім. Ол кезде қала аумағы қазіргідей емес, өте шағын болатын. Жер-жерде құрылыс жүріп жататын. Тәуелсіздік жылы тұрғын үйлер мен ғиматтар салу жұмыстары жаңадан қарқын алды. Ақтаудың іргесі жыл санап кеңейіп, халық саны өсіп келеді. Бұл – азат еліміздің басты жетістігі. Тұңғыш Президент күні осы жерге жанұямызбен келіп, тағы бір тарихи сәттің куәгері боламыз, - дейді қала тұрғыны Мақсұт Өтебаев.

– Балалық шағымда ата-анам мені ертіп, осы нышан жанындағы жүргінші жолында серуенге шығуды ұнатушы еді. Бүгінде Мәскеуде тұрамыз. Балабақшаға бірге барған құрдастарыммен әлі күнге дейін араласамыз. Олар ұялы телефонмен жіберген суреттерді жанұямызбен қызыға тамашалап, туыстарымызға мақтанышпен көрсетеміз, - дейді Мәскеу қаласының тұрғыны Дарина Пелий.

Жауапты мамандар аманат хат қойылған нышанды таяу күндері қоршап, капсуланы қазып алуды бастайды. Тот басып, бүлінген жері болса тазалап, ретке келтіреді. Ал ішіне салынған хат 1 желтоқсанда ашылып, көпшілікпен оқылады.

– Ол капсуланың қасынан «Болашақ-2050: Мәңгілік ел» тұрғындарына да жаңа жолдау дайындалуда бүгінгі таңда. Сосын жолдауды салатын орын да дайындалады. Сол күні біз капсуланы ашып, тек қана оқып қойғымыз келмейді. Сол кезеңде қала салушылардың тарихын, олардың ерен еңбектерін қазіргі халыққа бір жағынан насихаттағымыз келеді, - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлжазира Алдашева.

Тұңғыш Президент күні қала тұрғындары мерекелік шеруге қатысып, Ақбота саябағынан капсула қойылған нышанға дейін жүріп барады. Жол жиегіндегі дыбыс күшейткіш құралдары арқылы мұнайлы өңірді алғаш ашқан азаматтардың есімдері мен еңбектері хабарланып, үлкен экраннан Ақтаудың тарихы туралы деректі фильм көрсетіледі. Шеру концерттік бағдарламаға ұласады.

Фото: Хабар 24

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: