Немересін өртеп жіберген СҚО тұрғынына қатысты тың деректер шықты
Zakon.kz
Полицейлер жаңа туған қызды өлтіру дерегі бойынша сот алды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер Мамлют ауданының Дубровное ауылында жаңа туған қызды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаңа туған қызды өлтіру дерегі ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бап 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырады. Күдікті – 62 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды", — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бір айға толмаған Валентинаны әжесі пешке тірідей жағып жіберген, бұл кезде қыздың анасы дүкенге кеткен.
Дубровное ауылдық округінің әкімі Галина Швецова күдікті әйел ішкілікке салынғанын, бірақ қоғамға ешқашан зиянын тигізбегенін телефон арқылы хабарлады.
"Иә, ол ішетін, әрине, оны бәрі біледі, бірақ ешкімге соқтықпайтын, ақ пейіл жан секілді еді. Дәрігерлер де үйінде болған. Мінез көрсетіп, жанжал шығарған емес. Қандай да бір қауіп төндіреді деп ешкім ойлаған жоқ. Не болғанын түсінбей отырмыз. Мамандар анықтайды", — дейді Галина Швецова.
Ауылдық округтің әкімі трагедияның мән-жайын ауыл тұрғындары білмейтінін, өйткені қартаң әйел немересімен үйде оңаша қалғанын айтты.
"Теледидардан біздің ауылдың тұрғындары ол пештің плитасын алып, баланы жанып жатқан отқа лақтырып жібергенін айтып жатыр, оны адамдар ойдан шығарған. Нақты қалай болғанын ешкім білмейді, оқиғаға ешкім куә болмаған", — деп түйіндеді Галина Швецова.
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript