Германия құжаттарында “үшінші жыныс” тобы пайда болмақ
Zakon.kz
Мұндай бастаманы Еуропа елдерінің ішінен алғаш болып Германия көтеріп отыр.
Германия жоғарғы соты туу туралы куәлікте “үшінші жыныс” түрі жазылуы керек деген шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz Ресей BBC қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай бастаманы Еуропа елдерінің ішінен алғаш болып Германия көтеріп отыр. Енді аталған елдегі интерсексуалдар өздерін жұртқа еркін таныстыра алады. Биологиялық жынысын тестінің көмегімен анықтай алмаған бойжеткен сотқа шағымданған екен. Интерсексуалдардың құқығын қорғайтын белсенділер мұны “кішігірім революция” деп бағалады.
Карлсруэның конституциялық соты 2018 жылдың соңына дейін құжаттарда тағы да бір гендерлік категорияның пайда болатынын айтты. Аталған жыныс түрі құжаттарда “интер” немесе “өзге” деп жазылуы мүмкін. Бұл жаңалықты естіген белсенділер әлеуметтік желідегі парақшаларында өздерінің қатты таңқалып, айтарға сөз таба алмай жатқандарын жарыса жазып жатыр.
БҰҰ мәліметіне сүйенсек, жер бетіндегі халықтың 1,7%-ы интерсексуалдар қатарына жатады. Ал интерсексуалдар дегеніміз – бойларында әйелдер мен ерлерге тән жыныстық белгілерді түйістірген адамдар. Яғни олардың жынысын дәл анықтау қиын. Дәл осы секілді құжаттағы өзгерістер АҚШ, Аустралия, Үндістан, Жаңа Зеландия және Непалда бар.
Фото: stan.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript