Бауыржан Байбек базарға қарағанда сауда орталықтарында бағаның арзан екенін айтты
Zakon.kz
Базарда криминалитет жұмыс істейді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын тауарды базардан емес, сауда орталығынан алуға шақырды. Сонымен қатар әкім 1,3 мың заңсыз киоскілер сүрілгенін мәлімдеді, - деп xабарлайды Zakon.kz.
«Жалпы 1,3 мың заңсыз киоскілер мен ескі үлгідегі билбордтар сүрілді. Киоскі, гүл сататын дүкендердің 99%-ы чек бермейді. Қаншама ескі үлгідегі билбордтар бар. Жұмыс орындары жабылып жатыр, қысқарады дейді тұрғындар. Олай емес. Бұл заңсыз жұмыстар. Бүгіндері сауда орындары мен базарларда 40 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Екі жылда қазіргі заманғы сауда орындарын модернизациялауға 200 млрд қаржы салынды. Халықаралық стандарттарға сай 16 ірі сауда кешені ашылды. Бекеттер стиxиялы базарлардан арылды», - деді Бауыржан Байбек.
Алматы әкімі базардан гөрі сауда орталықтарында бағаның арзан екенін айтты.
«Көпшілік базарға баруға үйреніп қалған. Олар базарда арзан деп ойлайды, олай емес. Бүгінде көптеген сауда орындары базарға қарағанда тауарларын арзан бағада сатады. Неге? Себебі олар тауарды үлкен көлемде сатып алады. «Магнум» қалай жұмыс істейді? «Магнумға» сауда жасауға келсеңіз үнемі ортада жеңілдік боп жатқан тауарлар тұрады. Сіз оны аласыз. Сонда «Магнум» қалай табыс табады? Арзан тауарлардың жанында қымбат тауарларды қояды. Базарда қор, қосымша ақша, білім, менеджмент жоқ. Екіншіден антисанитария, тағам өнімдері тоңазытқыштарда сақталмайды. Сауда орындарында бәрі бар. Бірнеше жыл бұрын, қанша базар өртенді. Тауар сақтандырылмаған, бейнекамера жоқ. Криминалитет жұмыс істейді базарда, білеміз. Сауда орталықтарында мұндай жоқ, қауіпсіз. Ең бастысы онда жұмыс істейтіндердің зейнетақы жарнасы бар, сақтандырылған. Біз стандарт бойынша жұмыс істейміз, тоқтамаймыз», - деп мәлімдеді Алматы әкімі.
Фото: baq.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript