ҚР ҚК әскери қызметшілері отбасыларының мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөнінде қызмет басшыларының жиыны өтуде
Сурет: zakon.kz
Жиын мақсаты 2017 жылғы қызметтердің жұмысын қорытындылау.
2017 жылғы қарашаның 8-і мен 10-ы аралығында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың жетекшілік етуімен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызмет басшыларының жиыны өткізілуде.
Жиынға ҚР Қарулы Күштер түрлері, әскре тектері және өңірлік қолбасшылықтардың әскери қызметшелерінің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызмет басшылары қатысуда.
Жиын мақсаты 2017 жылғы қызметтердің жұмысын қорытындылау, олардың қызметін жүйелендіру, жаңа 2018 жылға тапсырмалар мен жоспарлы жеткізу болып табылады.
Жиын барысында үш күн бойы қызметтердің бірқатар басшылары өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөліседі. «Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөнінде қызметтердің жұмыс жүйесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.
Сондай-ақ жиынға арнайы шақырылған қонақтар психология ғылымдарының докторы, медицна ғылымдарының кандидаты, профессор Ләйлә Асылбекова мен шешендік өнер бойынша бапкер, өзін-өзі танудан маман Светлана Фортуна жиын қатысушыларымен шебер сыныптар өткізеді.
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде 2017 жылы әскери қызметшілердің отбасыларында моральдық-психологиялық климатты нығайту, әскери қызметшілердің отбасыларының рухани-адамгершілік және мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызметтер құрылғанын естеріңізге сала кетейік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript