Қазақ жігіті Моңғолия құрамасы тарихында тұңғыш болып хэт-трик жасады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2017 15:28 Сурет: zakon.kz
Бұған дейін Моңғолия футбол тарихында ешкім ресми кездесулерде үш гол соғып, хэт-трик жасамаған.
Қазақ жігіті Жансерік Маратханұлы Моңғолия футбол тарихында ресми ойындарда бірінші болып хэт-трик жасады, - деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған дейін Моңғолия футбол тарихында мейлі жастар болсын, мейлі Ұлттық құрама сапында болсын, ешкім ресми кездесулерде үш гол соғып, хэт-трик жасамаған. Маратханұлы хэт-трикті Азия біріншілігінің жастар арасындағы (19 жасқа дейінгі) іріктеу кезеңінде Сингапур құрамасына жасады. Ал ойын жалпы 4:2 есебімен аяқталды.

Кездесу барысында Моңғолия құрамасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан. Жансерік командасына жеңіске жетуге көмектесті. Бірінші таймның соңында ол пенальтиді сәтті орындаса, екінші таймда қарсы шабуылдан, ал үшінші голды ойынның аяқталуына үш минут қалғанда соқты.

Фото: 24.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: