Жаңалықтар тізбегі
0

«Павлодар – Баянауыл» бағытында ұшақтар 25 жылдан соң қайта ұша бастады

Zakon.kz Zakon.kz
Екі арадағы жолдың ұзақтығы 40 минутты құрады.
Баянауылдағы аэродромға 18 орындық Лет-410 жолаушылар ұшағы келіп қонды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Екі қозғалтқышы бар әуе кемесімен Павлодардан Баянауылға дейін 16 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде аудан орталығымен әуе қатынасын жандандыруды ұсынған аймақ басшысы Болат Бақауов та болды. Екі арадағы жолдың ұзақтығы 40 минутты құрады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/1510656995_00.jpg

Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті. Бұл фирманың жергілікті әуе желілеріне қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/1510656983_000.jpg

– Бүгін біз алғаш рет Павлодар мен Баянауыл арасында әуе рейсін жасадық, – деді ұшақтың капитаны Сергей Терехов. – Рейс ойдағыдай өтті. Баянауылдағы аэродром ұшақтарды қабылдауға толықтай дайын деп ойлаймын.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2017-11/1510656967_0000.jpg

Қазіргі кезде аэродром толықтай қоршалған. Мамандар ұшу-қону алабының аумағында қосымша инфрақұрылымның құрылысы мәселесімен айналысып жатыр.

Фото: pavlodarnews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз