Гарри Поттер туралы алғашқы кітап 140 мың долларға сатылды
Zakon.kz
1997 жылдан 2007 жылға дейін Гарри Поттер туралы жеті кітап шықты.
Лондонда Джоан Роулингтің «Гарри Поттер және философиялық тас» деген бірінші кітабы 106 мың фунтқа (140 мың доллар) сатылды. Бұл туралы Bonhams аукцион үйінің сайты жазды, - деп хабарлайды Baq.kz.
Ресми сайт сатып алушының есімін жарияламай отыр. Бұл кітапта автордың жеке арнауы бар. Ол оны ресми сатылым басталған күннің ертесі жазған. Лоттың алғашқы бағасы 30 мың фунт болған.
1997 жылдан 2007 жылға дейін Гарри Поттер туралы жеті кітап шықты. Олар 59 тілге аударылды, барлығын қосқандағы тиражы 450 миллион дананы құрайды.
Қазан айында Forbes журналының нұсқасы бойынша жазушы Джоан Роулинг Еуропадағы ең қымбат қаламақы алатын танымал адам болды. Өткен жылы ол 95 миллионға жуық доллар тапты.
Фото: baq.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript