Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ашаршылық құрбандарына қойылған ескерткіштегі бала жоғалып кетті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2017 23:49 Zakon.kz
«Қасірет керегесі» монумент кешенінде киіз үйдің бөлігі – «Кереге» және ана мен бала бейнеленген мүсін болды.
Астанадағы «Ашаршылық құрбандарына тағзым» атты монументалдық композиядағы баланы ұрлап кеткен. Бұл ақпаратты Астана қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова растады, - деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, ұрлау фактісі шілде айында тіркелген.

"Біз реставрация сияқты жұмыстарға алып кетті ме деген жорамалмен бірнеше жерге сұрау жібердік. Осылайша біраз уақыт өтіп кетті. Қазір жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр" - деді Софья Қылышбекова.

1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» көркем мүсіндік монументалдық композициядан баланың мүсінін ұрлау фактісі ҚР ҚК 188 бабы бойынша сот алды тергеулердердің бірыңғай реестрінде тіркелген.

Айта кетейік, «Қасірет керегесі» монумент кешенінде киіз үйдің бөлігі – «Кереге» және ана мен бала бейнеленген мүсін болды.

«Қасірет керегесінің» монументі кешенінің авторы – Орал Әлібаев. Монументтің концепциясын Валерий Пирожков әзірлеген. Ескерткіш 2012 жылдың мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған болатын.

Фото: baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: