Жаңалықтар тізбегі
0

Рохинджа босқындары отанына оралады

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2017 21:42 Zakon.kz
Босқындарды елдеріне қайтарумен айналысатын арнайы топ құрылмақ.
Мьянма мен Бангладеш билігі рохинджа босқындарын отанына қайтару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бангладеш Сыртқы Істер министрі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп жазады Хабар 24.

Оның айтуынша, босқындарды елдеріне қайтарумен айналысатын арнайы топ құрылмақ.

Айта кетейік, елдегі ахуалдың ушығуына 25 тамызда осы ұлт өкілдерінен құралған қарулы топтардың полиция бекеттеріне шабуыл жасауы себеп болды.

Осыдан кейін үкімет күштері көтерілісшілерге қарсы әскери операция бастап, рохинджа ұлтының өкілдері көрші елге үдере көшкен. Ал жалпы қақтығыс жергілікті биліктің рохинджа халқын «келімсек» деп қу-далауынан туындап отыр.

– Елге қайтқымыз келмейді. Тек бір ғана жоспарымыз бар. Елден кеттік пе, енді қайта оралмаймыз, - дейді босқын Саули Муллахи.

Фото: Хабар 24

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: