Жаңалықтар тізбегі
0

Н. Нығматулин қаржы министріне: қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 16:52 Zakon.kz
Нығматулин Қазақстанның өзге елдерге берген қарыздарын қайтару қажеттілігіне тоқталды.
Бүгін Палатаның кезекті жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин басқа елдердің Қазақстанға қайтаруға тиіс берешекетерін уақытында реттеу керектігіне назар аударды, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтылап айтқанда, бұл мәселе Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттерін қайта құрылымдауға қатысты ратификациялық заң жобасын талқылау кезінде көтерілді.

Мәселен, депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты.

Осыдан кейін Мәжіліс Спикері қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа: «грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы, дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені, басқа елдермен қарыздар бойынша әлі реттелмеген сұрақтарбар», - деді.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы қайтарылған қаржылар бюджет қоржынын толтыру керектігін айта келіп, - қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек, - деді.
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: