Жаңалықтар тізбегі
0

Парамен ұсталған БАӘ ханзадалары өз еріктерімен қазынаға 100 млрд доллар қайтарды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2017 18:03 Zakon.kz
Ханзадалардың 1%-ы өздерінің кінәсіз екендерін дәлелдеген.
Жемқорлық бабы бойынша айыпталған ханзадалардың 95%-ы қазынадан ұрланған ақшаны сот отырысы басталғанға дейін қайтарып беруге келіскен, - деп хабарлайды Baq.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Мұрагер Мұхаммед бен Сальман Аль Сауд жемқорлық бабы бойынша айыпталған ханзадалардың істі сотқа жеткізбеуге бекініп отырғанын айтты. Яғни ханзадалардың барлығы бостандыққа қол жеткізу үшін активтерін қазынаға салмақ.

Тақ мұрагерінің айтуынша, 2015 жылы билік пара алып жүрген шенділерді құрықтау туралы шешім шығарған. Нәтижесінде 200 адамның аты аталған тізім құрастырылған.

«Біз оларға қолымызда бар айғақтар мен құжаттарды көрсеттік. Олардың 95%-ы қазынаға ақшаны қайтаруға келісіп отыр», - дейді Мұхаммед бен Сальман Аль Сауд.

The New York Times басылымының хабарлауынша, ханзадалардың 1%-ы өздерінің кінәсіз екендерін дәлелдеген. Қалған 4%-ы кінәларын мойындамай отыр. Нәтижесінде қазынаға 100 млрд доллар көлемінде ақша қайтарылған.

Фото: baq.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: