Ресейге бейбіт сириялықтардың өліміне кінәлі деген айып тағылды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2017 23:53 Сурет: zakon.kz
Құқық қорғаушының мәлімдеуінше, олардың ішінде 21 бала бар.
Лондонда орналасқан Сириялық адам құқықтары жөніндегі обсерватория (Syrian Observatory for Human Rights) басшысы Рами Абдель Рахманның айтуынша, Аль-Шафах қаласында кем дегенде 53 бейбіт тұрғын ресейлік әуе бомбаларының кесірінен қайтыс болды, - деп хабарлайды Baq.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғаушының мәлімдеуінше, олардың ішінде 21 бала бар.

SOHR-дың ресми сайтында 34 рет болған жарылыс құрбаны туралы айтылады. Рахман қайтыс болғандардың саны өскенін де мәлімдеді.

Ресейдің СІМ бұған дейін ресейлік әуе-ғарыштық күштерінің алты бомбалаушысы Сирияның солтүстік-шығысында соққы жасағанын хабарлады. Шабуылдың мақсаты «Ислам мемлекеті» террорлық тобының нысандары болатын.

Аль-Шафак қаласы Дейр-эз-Зор провинциясында орналасқан. Ол - ИМ экстремистерінің бақылауындағы аймақтардың бірі.

Фото: Baq.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: