Жаңалықтар тізбегі
0

Көлікке сұранысы жоғары нөмір алғанда иесі өзі қалаған үш бірдей әріпті таңдай алады

Еlorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2017 18:41 Еlorda.info
Бөлшектерін ауыстырған кезде де көлігіңізді тексертпей-ақ тіркете беруге болады.
Елімізде көлік құралдарын тіркеу ережесі өзгерді. 2014 жылғы 2 желтоқсандағы ІІМ бұйрығымен бекітілген №862 мемлекеттік тіркеу жөніндегі ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол 2017 жылғы 27 қарашадан бастап күшіне енді, - деп хабарлайды Елорда инфо.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында көлігіңізді алғаш рет ресми дилерден (өкілден) сатып алған жағдайда апарып тіркету міндетті емес. Сондай-ақ, автокөлік иесінің тегі, аты-жөні өзгерген жағдайда (мәселен, некеге тұрып немесе неке бұзылып, не болмаса ұлттық ерекшелікке байланысты тегіңізді әкеңіздің атына өзгертсеңіз), көлік құралдарына тіркеу туралы куәліктің көшірмесі берілген және көлік құралдарын қайта жабдықтап, бөлшектерін ауыстырған кезде де көлігіңізді тексертпей-ақ тіркете беруге болады.

Сонымен қатар, көлік иесі сұранысы жоғары мемлекеттік тіркеу нөмірлерін (мәселен, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999) алған кезде үш бірдей әріпті өзінің қалауы бойынша таңдай алады. Бірақ оған 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеріңкі мемлекеттік баж салығы салынады

Фото: elorda.info
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: