ОҚО әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен Түлкібаста болды
Zakon.kz
Ұласбек Сәдібекұлы аудан активімен кездесіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмысымен танысып, бағдарламада нақтыланған алты бағыт бойынша тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырды.
ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды. Сапары барысында әкім орынбасары Т.Рысқұлов ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен мұрағаттың жұмысымен және 700 бала білім алып жатқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, колледж оқытушылармен кездесті.
Сондай-ақ, Ақбиік ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан 100 орындық балабақшаның құрылысын көріп, құрылыстың сапасына мән беру қажеттігін айтты.
Мұнымен қоса, Ұласбек Сәдібекұлы аудан активімен кездесіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмысымен танысып, бағдарламада нақтыланған алты бағыт бойынша тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырды.
Мәжіліске аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен этно-мәдени бірлестіктер қатысты.
Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript