Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемнің алты дүркін чемпионы өзінің «қызтеке» екенін мойындады

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2017 20:40 Sn.kz
Марк Фостер суға жүзу спортынан әлемнің 6 дүркін чемпионы.
Жүзуден әлемнің алты дүркін чемпионы британдық танымал спортшы Марк Фостер өзінің гей екенін мойындады, - деп жазады Sn.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Ол өзінің еркектік қасиеттерден мүлдем жұрдай екенін көпшілікке айту үшін ұзақ дайындалған көрінеді. Бұл қадамға бару оңайға соқпады дейді. Алайда, «қызтекелікпен» ауырғандықтан оны жасырып жүру мүмкін болмапты.

«Мен бүгін аздап қобалжыдым. Ұзақ уақыт бойы шындықты жасыру маған оңайға соққан жоқ. Шындықты көпшілікке айтуға бұрыннан оқталып жүргем, бірақ сәті түспеді. Енді бұдан әрі өзімді алдай алмайтынымды түсіндім», – деді Марк Фостер.

«Өзімнің гей екенімді спорттағы серігіме ғашық болған кезде бір-ақ білдім. Ол кезде жасым 21-де еді. Содан мұны анама және әпкеме айтып, бірақ спорт қауымдастығынан жасыруға тура келді», – дейді әйгілі чемпион.

Марк Фостер суға жүзу спортынан әлемнің 6 дүркін чемпионы және Олимпиада ойындарына 5 рет қатысқан. Ол сондай-ақ, әлем рекордын 8 рет жаңартқан британдық спортшы.

Фото: Sn.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: