Атырауда жарылыс болып, үйдің екінші қабаты құлап қалды
Аtpress.kz
Бірінші қабаттағы гаражда автокөліктің газ фильтрін тазалап жатқанда жарылыс болған.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екінші қабаттың құлауы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адамды күйік шалып ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Baq.kz аtpress.kz-ке сілтеме жасап.
29 қараша күні сағат 21:38-де «Ардагер» шағынауданындағы үйлердің бірінің төбесінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Ардагер» шағынауданында №4 көшедегі екі қабатты үй өртенген. Үй иелерінің айтуынша, бірінші қабаттағы гаражда автокөліктің газ фильтрін тазалап жатқанда жарылыс болған.
Үйіндінің астынан 1992 жылы туған әйел адамның денесі табылған. Сонымен қатар, 1990 және 1991 жылы туған ер адамдардың денесін 13-15 % күйік шалған (1-2 дәрежелі), 1974 жылы туған әйелдің денесін 14-15 % (2-3 дәрежелі) және 1992 жылы ер адамның 10-11 % денесін күйік шалған (2-3 дәрежелі).
Барлық зардап шеккендер Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Өрт сағат 22:50-де сөндірілді. Өрттің не себепті шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 25 адам мен жеті арнайы техника жұмылдырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript