Сәбиді бір тепкен ер адамның кім екені анықталды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2017 15:23 Sputniknews.kz
Жедел қызметкерлер күдіктіні видео жарияланғаннан кейін келесі күні ұстады.
Бішкек қаласы Октябрь ауданы ішкі істер басқармасы көшеде баланы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Желіде пайда болған видеода ер адам жерге құлаған сәбидің ішінен бір теуіп жібереді. Видеоға сипаттамада жазылғандай, ролик сенбі 2 желтоқсан күні Бішкектегі "Ұлан-2" шағын ауданында түсірілген. Жедел қызметкерлер күдіктіні видео жарияланғаннан кейін келесі күні ұстады.

"2017 жылғы 2 желтоқсанда Октябрь ауданы ІІБ видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, ұстады. Ол Бішкектің 1967 жылғы тұрғыны болып шықты",- делінген хабарламада.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2017 15:23

Полиция мәліметінше, күдікті – баланың әкесі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар сараптама тағайындалған.

Фото: Sputniknews.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: