Павлодарда сержант пара ретінде берілген ақшаны қорыққаннан жеп қойды
stan.kz
Тексеру қызметінің бұрыңғы басшысы өзіне берілген параны 60 есе қылып айыппұл ретінде қайтаратын болды.
Павлодар облысына қарасты әділет департаментінің аға сержанты өзіне берілген параны қорыққаннан жеп қойды,-деп жазды stan.kz, Екібастұзға қарасты қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Қамау абықтысының тексеру-қадағалау бөлімінің басшысының үстінен осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
Ол абақтыда отырған адамдардың бірін түңгі уақытта босатуға келіскен. Осы жақсылығы үшін бас бостандығынан айырылған адам оған 8 мың теңге бермекші болады. Сондай –ақ ол қамаудағы адамнан азық- түлік алып келуді де талап еткен.
Осы жылдың 1 маусымында жазасын өтеуші мен түрме қызметкері кездесіп, келісілген ақша мен азық-түлікті берген.
Ұстау операциясы кезінде түрме қызметкері қаша жөнелген. Қылмысын жоққа шығару үшін өзіне берілген ақшаны шайнап, жұтып жіберген. Кейіннен абақты қызметкері жұтып қойған ақша сыртқа шығарылды.
Осы қылмысы үшін түрме қызметкері алған ақшаны 60еселеп яғни 530 400теңге қылып қайтаратын болды. Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. «Әділет департаментінің аға сержанты» деген атағынан да айырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Фото: stan.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript