Бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

Фото: baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2017 15:23 Фото: baribar.kz
Тұман түсіп, көктайғақ сақталады.
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей аймағында қар жауып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ сақталады, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы мүмкін.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: