Головкин-Альварес реваншы қашан өтетіні белгілі болды

Фото: inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2017 16:37 Фото: inform.kz
Жекпе-жектің өткізілетін орны әзірге анықталған жоқ.
Мексикалық Fox Deportes арнасының жүргізушісі Фернандо Шварцтың мәліметінше, Геннадий Головкин-Сауль Альварес реваншының мерзімін боксшылар тарапы келісіп қойды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Боксшылардың келесі кездесуі 2018 жылдың 5 мамыры күні Синко де Майо мерекесінде өтеді.

Головкиннің өкілдері келісімін беріп қойды, ал Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойя келісімшартқа қол қою үшін осы аптада «Канеломен» кездеседі.

Жекпе-жектің өткізілетін орны әзірге анықталған жоқ. Дегенмен, Далластағы AT&T Stadium, Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» және бірінші айқас өткізілген Лас-Вегастағы T-Mobile Arena жекпе-жекті өткізуге үміткер нысандар қатарында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: