Ақтөбелік полицей жекпе-жектен әлем чемпионатында топ жарды

Фото: Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 15:27 Фото: Аktobenews.kz
Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғады.
Полиция лейтенанты Мирас Ұлықпанов алтын медаль тақты, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

1-3 желтоқсан аралығында Атырау қаласында «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен Әлем чемпионаты өтті. Тоғыз елден келген 100-ден аса спортшылар күш сынасқан додада Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғады. Сегіз қазақастандық алтын медаль жеңіп алды. Солардың қатарында ақтөбелік Мирас Ұлықпанов та болды.

25 жастағы лейтенант бұған дейін де Азия чемпионаттарында олжалы болған. Қазіргі таңда, ол 2018 жылдың наурыз айынан жоспарланып отырған, «Жекпе-жек» ұлттық спорт түрі бойынша «Әлем белдігінде» күш сынаспақ.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: