Жаңалықтар тізбегі
0

«АБЗАЛ және К» компаниясы «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:01 Zakon.kz
«Абзал және К» ТС-і өз өнімдерін Қазақстанмен қатар, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мемлекеттерінің нарығына шығарады.
Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен республикалық «Алтын сапа» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі шараны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр. Биыл сыйлықты алуға үміткерлер қатарында Қызылорда облысынан «Абзал және К» ТС мен «Аралтұз» АҚ болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай аймақ кәсіпкерлері лайықты бағасын алды.

«Абзал және К» Елбасының қолынан республикалық «Алтын сапа» сыйлығының «Азық-түлік/ауылшаруашылық өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясын иеленді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:01

«Абзал және К» ТС ауылшаруашылық саласында, оның ішінде еліміздің күріш индустриясы саласында қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі. Компания республика бойынша күріш өндірісі үздіктерінің үштігіне кіреді, күрішті өндіру және өңдеу қызметімен айналысуда және ауыл шаруашылық саласына инвестиция құюда.

Компания 1994 жылы Қызылорда қаласында құрылған. Алғашқы 9 жылда күріш сатумен айналысқан компания 2003 жылы дамудың жаңа сатысына шықты. Облысқа қарасты Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов және Бесарық ауылдарынан әр қайсысынан 600 гектар жерге күріш егуді бастаған «Абзал және К» жыл сайын егістік көлемін арттыра береді.

Бүгінде компания «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «Фаворит» ақ күріштерін, «Камолино» күріш жармасын түр-түрімен, күріш ұсағы, күріш жемі, туралған және туралмаған күріш қауызын өндіреді. Өндірістің ең көп ауқымды бөлігін «Янтарь» ақ күріші, «Лидер» ақ күріші және «Камолино» күріш жармасының түрлі сұрыптамасы құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:01

«Абзал және К» ТС-і өз өнімдерін Қазақстанмен қатар, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ауғанстан мемлекеттерінің нарығына шығарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: