Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысының халқы кәсіп ашуға ниетті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:29 Zakon.kz
Биыл аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 1,5 млрд теңгеден астам несие беріліп, қолдау көрсетілді.
Қазалы ауданында жыл басынан бергі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,2 млрд теңгені құрап, 2,9 пайызға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Қазіргі таңда ауданда 4075 кәсіпкер бар. Оларда 8852 адам жұмыспен қамтылған. Бұл аудан бойынша экономикалық белсенді халықтың 24 пайызын құрайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:29

Биыл аудан кәсіпкерлеріне қаржы ұйымдары тарапынан 1,5 млрд теңгеден астам несие беріліп, қолдау көрсетілді. Нәтижесінде жыл басынан бері жаңадан 484 кәсіпкер тіркеліп, онда 623 адам жұмыспен қамтылды. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық.
«РЗА» АҚ ірі қара өсіру кешені мен сүт зауытының II-ші кезеңін іске асыру арқылы мал басын 1200 басқа ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ал «Сыр Маржаны» ЖШС «Ет консервісін өндіру және шұжық шығару цехы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Иран Ислам Республикасы инвесторларымен меморандумға қол қойылып, жобаны жүзеге асыру пысықталуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:29

Сонымен қатар, биыл кәсіпкерліктің дамуына тікелей ықпал етіп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша құны 315 млн теңге құрайтын 12 жоба екінші деңгейлі банк арқылы қаржыландырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:29

Бүгінде аудандағы «Өндірістік аймақта» 4 жоба іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын делдалсыз өткізу мақсатында «Қазалы Керуен» Біріккен Кәсіпорны» ЖШС «Қалааралық автовокзал құрылысы» жобасын іске асыруда. Бүгінгі күнге 90 пайызы дайын. Жоба инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 16:29

Аудан аумағынан 96 шақырымы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға 5 учаске белгіленген. Қазіргі таңда бір нысан пайдалануға берілсе, екі нысанның құрылысы жүргізіліп, қалған екеуінің құжаттары әзірленуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: