Жаңалықтар тізбегі
0

Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды - Қайрат Қожамжаров

Фото: ic24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 17:15 Фото: ic24.kz
Қашып кеткен әрбір жемқор тиісті жазасын алады.

Соңғы он жылда шетелде бой тасалап жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды, - деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлі күнге дейін жемқор министрлер мен әкімдер шетелде тығылып жүр. Олардың барлығы 8 млрд доллардан астам қаржыны жымқырып кетті. Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бүгінде олар саяси баспананың арқасында жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, әрбір жемқордың тиісті жазасын береміз, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өткен xалықаралық конференцияда.

Агенттік басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан жемқорлар мен олардың активтерін қайтару бойынша 40-тан астам мемлекетпен xалықаралық келісімді рәсімдеді. Әріптестердің ішінде Испания, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Литва және тағы басқа елдер бар.

Фото: ic24.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: