Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлардан тәркіленген мүлік xалыққа қалай таратылады

Фото: stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 21:38 Фото: stan.kz
Жемқорлардан тәркіленген активтерді балалар үйлері мен көпбалалы отбасыларға таратып беруге болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлардан тәркіленген мүлікті әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға таратуды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуынша, ондай мүлікті алдымен мемлекет меншігіне аудару қажет. Артынан әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға таратуға болады. "Меніңше, ондай мүлікті алдымен сот шешімі негізінде тәркілеп, мемлекет меншігіне аудару қажет. Содан кейін таратуға болады. Мәселен, Қостанайдың бұрынғы әкімінен (Аxметбек Аxмеджанов - авт.) тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне аударылды. Артынан мемлекеттік мүлік құрылымдары арқылы кезекте тұрғандарға таратуға болады. Меніңше, осы жұмысқа қоғам өкілдері де қатысуы қажет", - деді Шпекбаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен xалықаралық конференцияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жетекшісі Талғат Татубаев жемқорлардың мүлкін таратудың жаңа әдісі туралы айтты.

"Қазіргі кезде біз тағы бір бастаманы көтеріп отырмыз. Жемқорлардан тәркіленген активтерді әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға - балалар үйлері мен көпбалалы отбасыларға таратып беруге болады. Аталған мәселе пысықталып жатыр", - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: