Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2017 19:05 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Шара аясында Елбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді.

Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен өткен жиынға ғалымдар, облыстық этномәдени бірлестіктер мен ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, діни конфессиялардың өкілдері қатысты.

Мәжілісті ашып, жүргізген ОҚО ҚХА төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.О.Қалмұратов Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Мемлекет басшысы еліміздегі алуан түрлі мәдениеттер мен этностар арасында төзімділік қарым-қатынасты қалыптастырудың мақсаты мен дәйекті саясатын ұстануды ұсынғанын айтып, жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығына, Елбасының тарихи шешімдеріне кеңінен тоқталды.

Шара аясында Елбасы туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, арнайы әзірленген бейнефильм көрсетілді. ОҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Орынбай Рахманбердиев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., доцент Асхат Есенәлиев, ОҚМПУ профессоры, т.ғ.к. Сағынғали Әбубәкіров, М.Әуезов атындағы ОҚМУ профессоры, п.ғ.д. Нигматжан Алметов және облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак баяндама жасап, Мемлекет басшысының жалпыұлттық бірлік саласындағы салиқалы саясатын, әлемдік аренадағы биік беделін, ел экономикасын арттыру жолындағы жасампаз еңбектері туралы сөз сөйледі.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: