Жоғарғы сот кеңесінің отырысы: 24 судья отставкаға кетті
Фото: Хабар 24
Бірі зейнет жасына байланысты жұмыс орнын босатса, бірі жаңа қызметке ауысты.
Еліміздің Жоғарғы сот кеңесінің мүшелері биылғы маусымды қорытындылап, келер жылға дайындаған жоспарларын айқындап алды, - деп хабарлайды Хабар 24.
Атап айтсақ, Елбасының сот жүйесіндегі кадрлық саясат мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды. Сондай-ақ келелі жиында кеңес төрағасы Анатолий Смолин еліміздің 24 сотының отставкасын қабылдады. Бірі зейнет жасына байланысты жұмыс орнын босатса, енді бірі жаңа қызметке ауысты.
Дегенмен олардың орнына бірден жаңа қызметкерлер тағайындалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript