Ақтөбеде сақал қойған нашақор дәулетті азаматтарды қорқытпақ болған

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2017 22:56 aktobenews.kz
Ақтөбе тәртіп сақшылары 25 жастағы жігітті ұстады.

Ақтөбеде «Халил» лақап атын жамылған күдікті ұсталды. Ол сақал қойып, дін атын жамылып, Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасамақ болған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе тәртіп сақшылары 25 жастағы жігітті ұстады. Одан аңшы қаруы мен оқ-дәрі, есірткі заттары табылды. Сонымен қатар, діни кітапша тәркіленді.

Полицияның мәліметінше, «Халил» атын жамылған күдікті Ақтөбенің қалталы азаматтарына шабуыл жасауды жоспарлаған. Қазір оған қатысты «Қаруды заңсыз пайдалану», «Есірткі заттарын заңсыз алып жүру» баптары бойынша тергеу басталды.

Фото: aktobenews.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: