Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда көшi-қон қызметiнiң фронт-кеңсесi ашылды

sko.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 20:22 sko.gov.kz
Өңiр оңтүстiк аймақтар азаматтарды көшiру бағдарламасына белсендi қатысуда.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов пен ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Ерлан Тұрғымбаев көшi-қон қызметiнiң жаңа фронт-кеңсесiнiң жұмысымен танысты. Операциялық залмен жабдықталған кеңседе тұрғындарға сапалы мемлекеттiк қызмет түрлерi көрсетiледi. Келушiлер электрондық кезекке тұрады. Бұдан кейiн Құмар Ақсақалов пен Ерлан Тұрғымбаев Қызылжар аудандық IIБ бейнебақылау орталығының жұмысымен танысты.

Облыс әкiмi мен вице-министр көшi-қон мәселелерiне арналған семинар-кеңеске қатысты. Жиынға Орталық Азия бойынша үйлестiрушi (Халықаралық көшi-қон ұйымы), Қазақстандағы, Қырғызстан Республикасындағы, Түркiменстан және Өзбекстандағы ХКҚҰ Миссиясының басшысы Деян Кесерович, IIМ, СIМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң өкiлдерi, Халықаралық көшi-қон ұйымының Орталық Азия елдерi бойынша сарапшылары, үкiметтiк емес ұйымдар, 4 облыстан келген көшi-қон қызметiнiң қызметкерлерi қатысты. Күн тәртiбiне 2017-2021 жылдарға арналған Көшi-қон саясатының концепциясын талқылаудың өзектi мәселелерi шығарылды. Кеңестi ашқан өңiр басшысы шекарада орналасқан облыс үшiн көшi-қон мәселелерi өте маңызды екенiн атап өттi.

«Шетелдiк жұмыс күшiн iрiктеу, iшкi көшi-қонды дамыту мен халықтың тиiмдi жерге орын ауыстыруын қолдау, шетелде тұратын этникалық қазақтардың елге оралуына жағдай жасау, заңсыз көшi-қонға қарсы тұру мәселелерi осы отырған барлық жауапты тұлғалардың бiрлесе, байланыста, тиiмдi жұмысты ұйымдастыруын талап етедi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр оңтүстiк аймақтар азаматтарды көшiру бағдарламасына белсендi қатысуда. Биыл 5 облыстан 186 отбасы келдi. Олар 56 елдi-мекенге орналастырылды. 2018 жылы 767 отбасыны қабылдау көзделген, бұл шамамен 3 мыңға жуық адам. Мектеп, балабақша мен жұмыс бар 200 елдi-мекен анықталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 20:22, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 20:22, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 20:22, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 20:22, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 20:22

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: