Павлодарда шабдалы тосабы арқылы сотталушыға есірткі жіберген азамат ұсталды
Рavlodarnews.kz
Ыдысты ашқан кезде ішінен сұрғылт-жасыл түсті белгісіз зат салынған целлофан қалта шыққан.
Павлодарда АП-162/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қала тұрғыны айлакерлікпен тыйым салынған есірткі затын өткізіп жібермек болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің маманы Айгүл Сыздықова айтты.
- Мекеме қызметкерлері қабылдау-тапсыру бөлмесінде сотталушы Б.Кацскийге А.Мартенс деген азаматтан келген заттарды тексеру жүргізген, - дейді Айгүл Сыздықова.
– Сол сәтте «Шабдалы тосабы» деген жазуы бар пластмасс банка көзге түскен. Ыдысты ашқан кезде ішінен сұрғылт-жасыл түсті белгісіз зат салынған целлофан қалта шыққан. Осы жағдайға қатысты Павлодар қаласы ІІБ-ның оңтүстік тергеу тобы шақырылды. Маманның айтуынша, банка сот-химиялық сараптамаға жіберілген. Нәтижесінде тосаптың ішінен табылған зат есірткі – марихуана екені анықталды. Аталмыш факті бойынша материалдар қылмыстық деңгейді анықтау мақсатында сотқа жөнелтілді.
Фото: Рavlodarnews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript