Астаналықтар «Спарта номад» командасын әуежайда күтіп алды
Хабар 24
Шешуші ойында спарталықтар Ресейдің төрт бірдей командасын ұтты.
Жақында ғана Көңілді тапқырлар клубы Жоғарғы лигасын жеңіп алған «Спарта Номад» командасы бүгін Астанаға оралды, - деп хабарлайды Хабар 24.
Оларды қарсы алуға туыстары мен белгілі әзілкештер, жанкүйерлер әуежайға жиылды. Ұшақ таңғы сағат 6 шамасында қонса да, күтіп алушылардың қарасы қалың. Жоғарғы лиганың финалы 15 желтоқсанда Мәскеуде өткен еді.
Шешуші ойында спарталықтар Ресейдің төрт бірдей командасын ұтты. Айта кетейік, «Спарта» – Жоғарғы лиганы жеңіп алған алғашқы қазақстандық ұжым.
– Бүгінгі күннің, КВН-нің батырлары деуге болады. Сондықтан елорданың жастары келіп, жас батырларымызды күтуде. Ол да Тәуелсіздік күніне орай үлкен сыйлық деп есептеуге болады, - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов.
– Бір жарым-ай үйде болған жоқпыз, біріншіден. Менің қызым туылды 3-желтоқсан күні. Мен әлі көрген жоқпын қызымды. Сондықтан сөзбен айту оңай емес, - дейді «Спарта Номад» командасының капитаны Данияр Жұмаділов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript