Жаңалықтар тізбегі
0

ІІД: Əкесі өртеген екі баланың бірі тірі

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 16:45 Baq.kz
18 жастағы Аружан Қанат қазір ауыр халде Іле ауданындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы облыстық ІІД ресми өкілі кеше бұқаралық ақпарат құралдарында Өтеген батыр ауылында 44 жастағы ер адамның балаларын өртеуіне және қаза болғандарға қатысты қате ақпарат тарағанын айтты, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"20 желтоқсан күні Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада шыққан өртке қатысты қате ақпарат тарады. Бұған дейін өрттің салдарынан үш адам қаза тапқан делінген болатын. Шын мәнінде, оқиға орнында екі адам қаза болды - ер адам мен оның ұлы. 1999 жылғы қыз ауыр халде Іле ауданындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін күресуде" - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік оқиға желтоқсанның 19-ынан 20-сына қараған түні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы жатақханада болған-ды. Осында 1971 жылы туған әйел бір қыз және бір ұлымен тұрған. Түнге қарай оның осы аудандағы Байсерке ауылында тұратын бұрынғы күйеуі келген. Біраз уақыттан соң бөлмеден өрт шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: