Жаңалықтар тізбегі
0

Белгілі актер: Арақ-шарапсыз дастарханды «қазақы» деп атау керек

nurgasyr.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 17:00 nurgasyr.kz
«Халал» арабтың сөзі, «адал» деуіміз керек деп жатамыз.

«Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев бұл атаудың басқаша, ұлтымызға етене жақын нұсқасын ұсыныпты. Актер «Тікелей эфир. Ләйлә Сұлтанқызымен» ток-шоуында арақ-шарапсыз дастарханды «қазақы» деп атау керектігін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Бір тойда баласы тұрып әкесіне айтты: «Әке, сіз өтірікші екенсіз» деп. Әкесі абдырап қалды. Елдің бәрі қарады. Сонда әкесі баласына «О не дегенің?» дегенде, «Сіз маған ес білгелі ақ-қараны ажыраттыңыз. Мынау жақсы, мынау жаман дедіңіз. «Соның ішінде ең жаманы арақ, осыған жолама, жоласаң мойныңды жұламын» деп дастарханға қойдыртпадыңыз. Бір тамшысын да ішкізбедіңіз. Бірақ мен үйленіп той жасағанда, ең жақын туыстардың бәрін шақырдыңыз да, осы арақты қойдыңыз. «Ішпесеңдер ренжимін» деп тұрып, артынан қуып жүріп ішкіздіңіз. Сонда сіз маған осы уақытқа дейін өтірік айтып келдіңіз бе? Сіз өтірікшісіз бе, әке?» деді. Халал дегенді біз қазақы деуіміз керек. Біреу халал, біреу адал деп жатады, жоқ, бұл қазақы той. Өйткені бабаларымыз дастарханға отырса, «Асқа адалдық, денге саулық, басқа байлық»

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: