Атырау облысында құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2017 21:26 Хабар 24
243 бозторғайдың өлексесі табылды.

Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен орны маңындағы жасанды аралдардың бірінен 243 бозторғайдың өлексесі табылды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Дерек бойынша жергілікті экологтар Солтүстік Каспий жобасының операторы «Nort Caspian Operating Company» компаниясына 2,7 миллион теңге айыппұл салыпты. Бұл туралы орман және айрықша қорғалатын аумақ бөлімінің өкілдері мәлімдеді. Ал аталмыш компания басшылығы құстардың қырылғанын жоққа шығарған жоқ. Және бұл жағдайға қатысты тілшілерге таяу уақытта толық ақпарат беруге уәде берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: