Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық даму қарқын алды

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2017 13:55 BNews.kz
Облыста мемлекеттік – жекешелік әріптестік тетігі белсенді түрде іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың 11 айында облыстың макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң серпін байқалуда. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 773,5 млрд теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,0% құрады. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 526,9 млрд теңгені құрап, 5,2% артты. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының индустрияландыру Картасы аясында жыл басынан бері 9,5 млрд теңгеге 13 жоба іске қосылып, 492 жұмыс орындары ашылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 497,8 млрд. теңгені, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,4% құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 206,9 млрд теңгені құрап, 3,5% артты.

Жыл басынан ет өндірісі 4,9% - ға, сүт – 1,6% - ға, жұмыртқа өндірісі –11,8% - ға артты.

Малшаруашылығын дамыту бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен 16 932 бас аналық ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 65 325 бас уақ мал (қой), «Құлан» бағдарламасы аясында 3 075 бас жылқы алынып, республикада 1-ші орынды иеленді.

Өңірде 158 кооператив құрылып, кооперативтердің жалпы саны 640-қа жетті. Осылайша, облыста кооперативтер құру тапсырмасы бойынша да елде көш бастады.

Жылыжай салудан, тамшылатып суарудан, мал бордақылау алаңдарын, отбасылық сүт фермаларын салудан көрсеткіштер жоғары.

Жыл басынан 771 жанұялық сүт фермасы, 2975 мал бордақылау алаңдары, 26 отбасылық құс фермасы ашылды.

Егіс көлемі 29,4 мың га ұлғайып, 818,2 мың га құрады.

Жылыжай көлемі жыл басынан 186 га артып 1309 га құрады. Бұл республикадағы 80% құрап отыр.

Тамшылатып суғару әдісі 7,9 мың га ендіріліп, 58,9 мың га құрады. Республикада 72% құрап отыр.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 179 704 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,3% артты.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 221 жоба іске асырылып, 1516 жұмыс орны ашылды.

Облысқа 417,0 млрд теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңінен 20,8% артты. Бұл республика бойынша 1 орында.

Жыл басынан шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Біріккен Араб Әмірлігімен – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытының құрылысы, Қытай елімен – биоэталон және фосфор тыңайтқышын шығаратын зауыттардың, сондай-ақ, күн сәулесінен электр қуатын өндіретін электрстансаның құрылыстарын жүргізу жөнінде келісімдер жасалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 188,8 млрд. теңгені құрап, 13,8% артты.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 547 мың шаршы метрді немесе, 104,2 пайызды құрады.

Халықты сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Облыстағы 73,2% немесе 618 елді мекен ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылы 29 жобаны іске асыруға және 72 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 5,3 млрд. теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін су құбыры мүлдем жоқ 5 елді мекенге (5,8 мың халық) жаңа ауыз су құбырлары салынып, 3 елді мекеннің (6,2 мың халық) тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылады.

2017 жылы 88 табиғи газ нысанының құрылысы және 97 нысанның жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеуге 13,4 млрд. теңге қаралып, нәтижесінде 44 елді мекен немесе 68,8 мың адам газбен қамтылатын болады.

Білім саласының дамуына ерекше назар аударылуда. Ағымдағы жылы облыста 82 білім нысанының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, 15 600 орынға лайықталған 32 білім нысаны биыл пайдалануға берілді.

Облыста жаңадан 144 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ашылып, онда 13 мыңға тарта орын құрылған. Балаларды балабақшамен қамту деңгейі 84,9%-ға жетті.

Денсаулық сақтау саласында 38 нысанның құрылысы жүргізіліп, бүгінге 32 - і іске қосылды.

Медициналық ұйымдар қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен толықтырылып, ашық жүрекке 360 ота жасалынды.

Облыста бүйректі және бауырды алмастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Жыл басынан 15 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы, 5 науқасқа бауыр алмастыру отасы жасалды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен» жыл басынан 86950 адам қамтылып, жоспар 35,2% артығымен орындалды. Кәсіптік білім алуға 12159 адам, жастар практикасына 5439 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 6136 адам жіберілді.

Облыста жыл басынан 72 943 (оның ішінде тұрақтысы-51 809) жаңа жұмыс орындары ашылды.

Облыста мемлекеттік – жекешелік әріптестік тетігі белсенді түрде іске асырылуда.

2017 жылы мемлекеттік – жекешелік әріптестік тетігі аясында 14 жоба бойынша (8 білім, 2 денсаулық сақтау, 4 спорт) жеке әріптес анықталып, келісім-шарт түзілді.

Сонымен қатар, 34 жоба бойынша қажетті құжаттар әзірленуде. Оның ішінде 12 жобаға жеке әріптесті анықтау үшін конкурс жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: