Жаңалықтар тізбегі
0

Түрмеде отырған Ермегияевке ішімдік ішіп, интернетті еркін қолдануға рұқсат берген

qostanay.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2017 18:34 qostanay.tv
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қаласындағы колония басшылығының өрескел әрекетінің жолын кесті.

Елордадағы қатаң режимдегі колония басшылығы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық жасағаны анықталды, - деп хабарлайды Zakon.kz ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бюро мәліметіне қарағанда, сотталушы Т.Ермегияевтің жазасын жайлы жағдайда өткізуіне мүмкіндік жасаған ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Н.Әбен мен оның орынбасары, әділет майоры Т.Мұсаев сот санциясымен ұсталып, тұтқынға алынды.

Жоғарыда аталған тұлғалар Т.Ермегияевке тұрақты түрде алкоголь ішімдіктерін ішуге үнемі жағдай жасап, ұялы телефон мен интернетті еркін пайдалануға, сонымен қатар үздіксіз кездесу өткізуіне мүмкіншілік берген.

Оған қоса, аталған өрескел заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қылмыстық атқару жүйесінің 13 лауазымды тұлғасы да тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде 11-і қызметінен босатылып, екеуіне қызметіне толық сай келмейтіндігі ескертілді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, Талғат Ермегияев 2016 жылдың маусым айында жемқорлық және ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: