Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде отшашулар сататын базарларды жаппай тексеру басталды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2017 18:49 Хабар 24
Әсіресе, халық көп баратын орталық базар жіті тексерілді.

Ақтөбеде жаңажылдық отшашулар сататын базарлар мен дүкендерді жаппай тексеру басталды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Әсіресе, халық көп баратын орталық базар жіті тексерілді. Қазір шаһарда түрлі отшашулар саудасы қызып тұр. «Тосыннан келген тексеру саудагерлерге ұнамаса да, төтенше жағдайдың алдын алуымыз керек», – дейді мамандар.

Арнайы комиссия мүшелерінің айтуынша, рейд кезінде кедергілер де болады екен. Сатып тұрған заттарын тастай қашатындар бар. Пиротехникалық бұйымдарды ешқандай құжатсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, отшашулары тәркіленеді.

Бүгінгі тексеру кезінде «бенгал оттарын» сатуға рұқсаты құжаты жоқ бірнеше саудагер анықталды. Рейдке шыққан топ тұрғындарға үн-парақ таратып, отшашудан келер қауіп туралы да айтты. Әзірге, жарылғыш заттардан жарақат алу дерегі тіркелмеген.

– Бұл рейдтің мақсаты – сертификатталған пиротехникалық заттардың арнайы сауда нүктелерінде сатылуын қадағалау. Сонымен бірге, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру. Әсіресе, балалардың абай болғаны жөн. Жарылғыш отшашулардан көбінде балалар жарақат алады, - дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері Әсет Айтжанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: