Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан соңғы мүйізтұмсықтың бас сүйегі табылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 16:26 Baq.kz
Сүтқоректінің сүйегі Қазақстанның Павлодар облысынан табылды.

Ресей ғалымдары жақсы сақталған жүндес сүтқоректі Сібір мүйізтұмсығының (эласмотерии) бас сүйегін тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Сүтқоректінің сүйегі Қазақстанның Павлодар облысынан табылды. Ғалымдардың айтуынша, Батыс Сібір оңтүстік аймағының табиғаты көпке дейін эласмотериилер үшін қолайлы болып келген. Осы күнге дейін аталған сүтқоректі түрінің соңғы «өкілдері» осыдан 350 жыл бұрын жер бетінен жойылды деп есептеледі.

Сібір мүйізтұмсықтарының бойы екі метрге, ұзындығы 4,5 метрге дейін жеткен. Ал салмағы төрт тоннадан асып түскен. Сүтқоректілердің бұл түрі алғаш рет 1808 жылы ғалымдар тарапынан сипатқа ие бола бастады. Ол Украина, Поволжья, Предуралья, Сібір және Қытай жерлерін мекен еткен.

Мұндай мүйізтұмсық түрі мұз басу дәуірінің фаунасына жататындықтан, терісі жүндес болған деген болжам бар. Эласмотериилердің маңдайында ұзын әрі жуан мүйізі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: