Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында өз-өзіне қол жұмсауға бейім 441 бала анықталды

Aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 17:19 Aktobenews.kz
Бағдарламаның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы суицидті жою.

Облыста Ақтөбе қаласы мен Шалқар ауданында суицид деректері жиі тіркеледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Bilim foundation» қоғамдық ұйымы Ақтөбе облысында 14-15 жас аралығындағы балалардан арнайы сауалнама алды. Іс-шараға барлығы 17 193 бала қатысты. Солардың ішінен 441 бала тәуекел тобына кіреді.

«Бұл өте күрделі сауалнаманы халақыралық және қазақстандық ғалымдар әзірлеген. 33 бала қазір медициналық көмек ала бастады. Себебі олар күттірмейтін жағдайда. Координаторлар оларды апта сайын бақылап, ақыл-кеңес беруде», — деді «Bilim foundation» қоғамдық ұйымының басқарушы директоры Алмас Нұрбақытов.

Оның сөзінше, облыста Ақтөбе қаласы мен Шалқар ауданында суицид деректері жиі тіркеледі. Сондықтан ұйым нақ осы екі аймақта жұмысын бастаған.

«33 бала — 33 әлем. Әрқайсысының проблемасы өзгеше. Бір таразыға салып айта алмаймын. Біреуінде отбасы жағдайы нашар, біреуі толық емес отбасыда тәрбиеленуі мүмкін. Не болмаса ата-аналары жұмыссыз отыруы ықтимал. Көп жағдайда әлеуметтік проблемалар себепкер болады», — деді Алмас Нұрбақытов.

Айта кетейік, «Bilim foundation» қоғамдық ұйымы Қызылорда облысында басталған бағдарламаны Ақтөбе, Атырау және Ақмола облыстарында жүзеге асырмақ. Бағдарламаның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы суицидті жою.

Ілияс Оразбаев

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: