Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 15:03 ҚазАқпарат
Тек оңтүстік-батыста және республиканың оңтүстігінде жауын-шашын жауады.

3 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік-батыста және республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерінде көктайғақ,тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: