Финляндияда нанға қара шегіртке қосып дайындай бастады
Финляндияда жергілікті компаниялардың бірі нанға қара шегіртке қосып дайындауға көшті, - деп жазады Хабар 24.
Бірлестік өкілдерінің айтуынша, олар мұндай тағамды дайындауды әлемде алғаш рет қолға алып отыр. Ал ерекше нанның әр бөлкесінде 70 кептірілген шегіртке бар.
Олар алдымен үгітіліп, содан кейін ұнға бөктіріледі. Мұндай нан протеинге бай әрі құрамында түрлі витаминдер мен темір, кальций сияқты адам ағзасына қажетті элементтер жетерлік. Әзірге ерекше нанды елдің тек ірі қалаларындағы дүкендерден алуға болады.
Бірақ келешекте жаппай саудаға шығарылатын түрі бар. Ал құны әдеттегі бөлкеден қымбаттырақ, 4 еуро тұрады. Айта кетейік, қазіргі таңда қара шегіртке араласқан тағамдарды Еуроодақтың басқа елдерінен де кездестіруге болады. Мысалы, Швецияда осы жәндік қосылған гамбургер сатылады. Қара шегірткені Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Нидерланд аспаздары да пайдаланады.
– Нан алу үшін адамдар тіпті сонау 100 шақырым жерден келеді. Әрине бұл нанға күдікпен қарайтындар да бар. Оларды түсінуге болады. Себебі бұл жәндік қосылған тағам ғой, - деді Fazer компаниясының өкілі Ноора Поюхонен.
– Дәмді. Өзіміз алып жүрген нанға ұқсайды. Күнделікті дәмнен аса қатты айырмашылығын байқап тұрғаным жоқ, - дейді жергілікті тұрғын.